Президент катарлық делегацияны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент катарлық делегацияны қабылдады

03.12.2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани бастаған ірі қаржы құрылымдарының басшыларын қабылдады. Кездесу барысында қаржы саласындағы өзара іс-қимылдар, инвестиция тарту және «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы мәселелер талқыланды. Катарлық делегация екі ел арасында тікелей әуе рейістерін ашуға, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға ниетті екендіктері жеткізді. Қазақстан Президенті Катар делегациясының осы сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретіндігіне сенім білдірді. 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу