Жолда қалған шетелдіктер құтқарылды. Ақмола облысында жүк көлігінде болған Түркияның 3 азаматына көмек көрсетілді. Олар Екатеринбург-Алматы тас жолында қалып қойған. Көліктің жанармайы қатып, от алмай қалыпты. Оларды республикалық тас жолда қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция мамандары байқап, шетелдіктерді қауіпсіз жерге жеткізген. Осындай жағдайлар қыста жиі кездеседі. Бірнеше күн бұрын полиция қызметкерлері Целиноград ауданының Ақмешіт ауылы маңында қалған шағын автобустың жүргізушіcі мен 9 жолаушыға қолғабыс еткен. «Көкшетау-Рузаевка» жолында қалған науқасты облыстық ауруханаға жылдам жеткізген де тәртіп сақшылары болды.
Ермек ЕЛБЕРГЕН