Алматыда қайырымдылық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қайырымдылық акциясы өтті

03.12.2019

«Армандар орындалады». Алматыда осындай атаумен Тұңғыш Президент күніне орай «Нұр Отан» партиясы аймақтық өкілдігінің бастамасымен қайырымдылық акциясы өтті.

Нұрсұлтан есімді 100 азамат «Ақсай» республикалық клиникалық балалар ауруханасындағы 100 баланы мерекемен құттықтады. Бірнеше күн бұрын жеткіншектер өтініш айтқан соң, қалаған бағалы сыйлықтарын алып беріп, табыс етті. Жалпы мұндағы науқас бүлдіршіндердің көбісі елдің әр аймағынан келген. Осында жылдап емделеді. Ал ізгі іске қатысушылар немкеттіліктен ада ниеті бар жандарды осы бастаманы қолдап, балаларға көмектесуге шақырды. 

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ

Хабарламаларға жазылу