ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті осымен үшінші жыл өткізіп жатқан «Altyn Samǵaý-2019» спорттық жүлде кешіне ел намысын республикалық және халықаралық бәсекелерде қорғап жүрген спортшылар қатысты.
«Altyn Samǵaý-2019» ұлттық спорттық жүлдесінің жеңімпаздары:
Үздік спорт командасы - Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы;
Үздік жас спортшы - Әбілмансұр Батырғалиев (Каратэ);
Ғылыми кешенді топтың үздік маманы - Ирек Сатов (Бокстан ұлттық құраманың дәрігері);
Үздік пара спортшы - Нұрлан Домбай (паратаэквандо);
Үздік пара спорт жаттықтырушы - Жандос Қиянов ( Парадзюдадан ұлттық құрама жаттықтырушысы);
Үздік спорт қауымдастығы - Шайбалы хоккей қауымдастығы;
Үздік спорттық өңір - Қызылорда облысы;
Қазақстан спортының майталманы - Әмин Тұяқов (Жеңіл атлетика);
Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы- Әсет Серікбаев (Еркін күрес);
Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы- Елена Круглыхина (Фристайл);
Жыл жаңалығы - Әлішер Ерғали ( еркін күрес);
Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы- Элизавет Тұрсынбаева ( Мәнерлеп сырғанау);
Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы- Бекзат Нұрдәулет ( Бокс).
Мәдени шара барысында жергілікті жанкүйерлер де назардан тыс қалмады. Отандық олимпиадалық жанкүйерлер командасының қатарына қосылу үшін көрермендер арасында 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға 2 жолдама ойнатылды.