Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарларға бірыңғай баға бекітілуі мүмкін. Азық-түліктің құнын тұрақтандырып, қымбатшылыққа жол бермеу үшін Ұлттық экономика министрлігі бағаның шекті мөлшерін бекіту керек деп отыр.
Өйткені бас пайдасын ойлаған кәсіпкерлер жұрт көп тұтынатын тауар құнын шарықтатып жіберуді әдетке айналдырған. Мәселен, биыл қарақұмық - 60, ұн - 30, ал нан 16 пайызға қымбаттап кеткен. Оның үстіне сауда орындарының қожайындары бағаны келісіп көтеретін фактілері жиілеген.
Досжан Маратұлы