Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесі берілді.
«Екінші консультативтік кездесуде делегациялар басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдады», деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетейік, кеше Елбасы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына сапармен барды. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекет басшылары екінші консультативтік кездесу алаңында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.