211 адам зорлық-зомбылықтан зардап шеккен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

211 адам зорлық-зомбылықтан зардап шеккен

29.11.2019

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жыл басынан бері 211 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттерінен зардап шеккен. Оның 177-сі әйел және олар жәбірлеудің ауыр түрін көргендер. Сол отбасыларда бүгінде 158 бала тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы әйелдерге қатысты дискриминацияның алдын-алу бойынша өткізілген жиын барысында айтылды. Мамандардың сөзінше, Қазақстандық 18 бен 75 жас аралығындағы әйелдердің 17 пайызы өмірінде кем дегенде бір рет ерлер тарапынан физикалық немесе сексуалдық озбырлық көрген. Соның ішінде мүгедек әйелдер осындай әлімжеттікке көп тап болады екен. Жанұядағы жанжал, негізінде, материалдық себептерге байланысты. Осындай жағдайдың алдын алу үшін еліміздегі Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігі мен өзге де мекемелер Оңтүстік өңірде пилоттық жоба әзірледі. Психологиялық орталық құрып, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бастаманың нәтижесі де бар. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу