Иракта 45 демонстрант мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта 45 демонстрант мерт болды

29.11.2019

Ирак қауіпсіздік күштері Наджаф қаласында Иран консулдығы өртелгеннен кейінгі бір тәулікте 45 демонстрантты мерт қылды. Қазір мемлекет астанасы Бағдад пен елдің оңтүстігінде зорлық-зомбылық күшейіп барады. Мұны жергілікті полицейлер мен дәрігерлер мәлімдеді. Олардың айтуынша, шерушілер мен тәртіп сақшылары қақтығысып, сәрсенбіден бері 245 адам жараланған.

Кейбір бақылаушылардың пікірінше, Иранға арқа сүйеген Ирак үкіметі сайлауды әділ өткізу және коррупциямен күрес туралы реформаларды сәтті жүзеге асыра алмаса, жағдай тіпті ушығуы мүмкін. 

Иракта жұмыссыздыққа, жемқорлыққа, Тегеранның ел істеріне араласуына, мемлекеттік қызметтердің нашарлығына қарсы демонстрациялар қазанның 1-де басталды. Содан бері қауіпсіздік күштері жаудырған оқтан 350-ден астам адам қаза тауып, 15 мыңдайы жараланған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу