Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға өңірлер көңіл бөлмей отыр. Алыс ауылдарды айтпағанда, қала айналасын қоқыс басып жатыр. Бірақ соған қарамастан алдымызда жасыл елге айналу жоспары тұр. Оған сай 2030 жылға қарай қалдықты өңдеу көлемі 40 пайызға жетуі тиіс.
Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеуге ынталы кәсіпкер некен саяқ. Бірақ қоқысты өртеп одан энергия алуға қаржы салатын инвесторлар бар. Жоба бойынша 6 сынамалы қоқыс өртейтін кешен салу қарастырылып отыр. Өртелгендіктен, қалдық көмілмейді. Тиісінше полигондарға кететін бюджет шығыны кемімек. Алайда өңірлерде бұл шаруа ақсап тұр.
Нысаналы Ығыл