Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жұмысы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жұмысы қорытындыланды

28.11.2019

Бүгін Қырғыз елінің астанасында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтті. Алқалы жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, ұйымды дамыту бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді. Құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей мен Тәжікстан кіретін ұйым кеңесі бір жылдық жұмысты қорытындылады. 

Кеңестің кеңейтілген отырысында ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл құжат арқылы алты мемлекет стратегиялық шабуылдау қару-жарағын азайту және шектеу бойынша келісім мерзімін ұзартып отыр. Жалпы, Бішкектегі саммитте Мемлекет басшылары күн тәртібіне енгізілген барлық мәселе бойынша өзара мәмілеге келді. Ұйымға енді Ресей Федерациясы жетекшілік етеді.

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу