Елбасының Еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл, ал Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл. Осыған орай Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының өткені мен бүгінін саралаған жиын өтті. Болашаққа жоспар түзілді.
Одақ - қазір бес елдің 180 млн-нан астам халқын біріктіріп отырған алып нарық. Сыртқы сауда айналымы 753 млрд доллардан асып отыр. Одаққа мүше елдердің жалпы ішкі өнімін қоссақ, 2 трлн долларға жетіп жығылады.