Ата-аналар өз қаражатына оңалту орталығын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата-аналар өз қаражатына оңалту орталығын ашты

04.12.2019

Шымкент қаласында сал ауруына ұшыраған жасөспірімдердің ата-аналары өз күштерімен балабақша үлгісіндегі оңалту орталығын ашты. Бұл - кәмелет жасқа толған балаларды сауықтыру-оқыту, тәрбиелеу мақсатында жасақталған алғашқы мекеме. Өйткені мемлекет сырқат балаларды тек кәмелет жасына дейін ғана арнайы мекемеде бағып-қаға алады. Ал одан асқан соң қамқоршысына жәрдемақы төленіп, балалар үйінде отырады. 

Жаңадан ашылған орталықта әзірге 12 жасөспірім тәрбиелініп жатыр. Олардың денсаулығын тіктеу және оңалту ісімен логопед, невропотолог, психолог секілді мамандар жеке жұмыс жүргізеді.  

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу