«Мұзды өлке-2» қазақ тілінде прокатқа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мұзды өлке-2» қазақ тілінде прокатқа шықты

28.11.2019

Кішкентай көрермендерге жақсы таныс «Мұзды өлке» анимациялық фильмінің екінші бөлімінің алдын ала көрсетілімі болды. «Мұзды өлке-2» фильмі бүгіннен бастап екі тілде көрсетіледі. Сыншылардың айтуынша, екінші фильм терең мағыналы, сюжеті ерекше. Екі батыл қыздың өмірін бейнелейтін фильм - «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалған 33-ші туынды. Мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне бейімдеу кезінде аудармашылар қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларынан дәйексөздер пайдаланған. Абай Құнанбаевтың «Күз» және «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл» өлеңдерінен үзінділер қолданылды.

Ақерке Берікбекқызы


Хабарламаларға жазылу