Нұр-Сұлтанда халықаралық парламенттік конференция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда халықаралық парламенттік конференция басталды

27.11.2019

Тақырып өзегі – «Президенттік институт: Қазақстандық модель». Жиын жылда жаңаша форматта ұйымдастырылады. Биыл Тәуелсіз Қазақстан туралы халықаралық деңгейде диалог өтті.

Келер жылы сәуірде Президенттік басқару институтының енгізілгеніне 30 жыл толады. Бұл жүйе жемісті болғанына бүгінде шүбә жоқ. Өйткені өткенге үңілсек, елең-алаң кезеңде ішкі жалпы өнім 61 пайызға құлдырап, өнеркәсіп көрсеткіші 28 пайызға түсті. 200-дің үстінде ірі кәсіпорын тұралады. Ауыртпалығын халық көтерді. Елде 2 млн-нан астам адам жұмыссыз қалып, зейнетақы, жәрдемақы төлеу кешіктірілді. Осыдан кейін Жоғарғы Кеңес пен Президент алдындағы екі жақты жауапкершіліктің тек бірін қалдыруға тура келді. Қабылданған шешімнің оң болғанын бір ғана көрсеткіштен байқауға болды. Мәселен, 1993 жылы ішкі жалпы өнім 11 млрд теңге болса, биыл 180 млрд-қа жетті.  

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу