«Жайрем-Қаражал» су құбырының құны 10 жылда 8 есе қымбаттап кеткен.
Құрылысы сағыздай созылған құбырды сенатор Қайрат Қожамжаров осылай сынады. Қазақстан су тапшылығы өткір сезілетін мемлекеттер қатарына қосылғалы қашан. 1,2 триллион теңге бөлінген «ауыз су» және «ақ бұлақ» бағдарламалары елімізді таза суға қарық қылуға тиісті болатын. Соған қарамастан, шалғай ауылдардың 51 пайызы – 2,5 млн халық орталық су жүйесіне қосылмаған. Сенат спикері Дариға Назарбаева Үкіметке су рессурстарын сақтап қалуға септесетін мемлекетті орган құруды тапсырды. Елде бар коммуналдық құбырлардың 57 пайызы тозған. Жыл сайын осы ескі құбырлардың 5 пайызы ғана жаңартылады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ