«Жастар керуені-2019» жобасы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жастар керуені-2019» жобасы аяқталды

27.11.2019

Биыл «Жастар керуені» жобасы аясында 700 жас еліміздің көрікті жерлерін тегін аралаған. Олар бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бас қосып, туристік сапардан алған әсерлерімен бөлісті.

Тамыз айында 100-100-ден 7 бағытқа бөлінген жастар әр аймақтағы ең қызықты жерлермен, тарихи нысандармен танысуға аттанған. Олардың арасында танымал жұлдыздар мен белгілі блогерлер де болды. Туристік топ мүшелері аяқ басқан жерлерінің барлығын суретке түсіріп, оны әлеуметтік желілерге жүктеп отырған. Мамандардың айуынша, бұл ішкі туризмді дамытуға ақпараттық тұрғыда айтарлықтай қолдау. «Сол себепті туристік керуен келесі жылы да жалғасуы мүмкін. Өйткені, жобаның барысын интернеттен бақылап отырған қызығушылардан өтініштер өте көп келіп жатыр»,-дейді ұйымдастырушылар.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу