Ресейдің мәдени орталығы Санкт-Петербург қаласында он мыңға жуық қандасымыз тұрады. Олар «Атамекен» бірлестігін құрып, апта сайын бас қосуды дәстүрге айналдырған. Басты мақсат - ата дәстүрді дәріптеп, ұлттық өнерді ұлықтау. Ал Неваның бойындағы тарихи қаланы мекен еткен қандасымыз Гүлшат Ниеталина қазақтың ұлттық нақышындағы киімдерді тігіп, оны шетелдіктерге насихаттап жүр.
Кезінде білім қуып келген Гүлшат Молдамұратқызы тағдырдың жазуымен жат жерде қалып қойды. Шебердің қолынан шыққан көйлектері сұранысқа ие. Енді сәнгер өз дүкенін ашқысы келеді.
Индира БЕГАЙДАР