Алатаудың ар жағындағы айыр қалпақты ағайын қазақ басшысын қарсы алуға дайындалып жатыр.
Ертең Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қырғыз Республикасына барады деп жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен кездесіп, президенттер екі ел қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қояды. Мемлекет басшысының бұл сапары жайлы ақпаратпен бөлісу үшін біздің түсірілім тобы да Бішкекке арнайы барды.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ертең ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғыз Республикасына барады деп жоспарланып отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/119564/)