Бүгін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында аталған тақырыптағы түйткілді мәселелер кеңінен талқыланды. Қаржы министрлігі осы салада аудиторлық тексерулер жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жөнінде ақпараттың аздығын, кәсіпкерлердің қатысуында шектеулер барын айтты. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия дәл осы саладағы заңбұзушылықтарды жою жөнінде кешенді іс-шаралар қабылдауды және бақылауды күшейту жүйесін бекітті.
Ербол МӘНДІБЕК