Еуразия ұлттық университетінде Елбасы және ел мұраты: тұрақтылық, жасампаздық, сабақтастық» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Нұрсұлтан Назарбаев – сәулеті мен дәулеті келіскен бас қаланың архитекторы. Тұңғыш Президент Еуразия ұлттық университетінің негізін қалады. Конференцияға қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуы жолындағы осынау еңбегі мен әлемдік аренадағы саяси беделі, қайтаркерлерлігі мен қоғамдық саяси қызметі туралы әңгімеледі. Жастар зиялы қауыммен ел болашағы жөнінде еркін пікірлесіп, мемлекеттің қолдауы, сапалы білім алу мүмкіндігі, өзге елдермен тәжірибе алмасудың ерекшеліктері туралы ойларын айтты.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ