Жасөспірімдер арасында қысым көрсету көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасөспірімдер арасында қысым көрсету көбейген

26.11.2019

Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық белең алып, қысым көрсету көбейді. Осы мәселеге байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен республика көлемінде буллинге қарсы семинарлар өтті.

Суицидті болдырмауға әрі білім деңгейін арттыруға бағытталған шараға 500-ден астам маман қатысқан. Олардың сөзінше, бұзақылық жасайтын немесе керісінше қысым көрген оқушыларға алдымен психологиялық тұрғыда көмек көрсету керек. Дегенмен әр балаға жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізетін маман жеткіліксіз. 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу