Албанияда 6.4 балдық жер сілкінісінен 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Албанияда 6.4 балдық жер сілкінісінен 6 адам қаза тапты

26.11.2019

Тағы 300-ден астамы жараланып, бірнеше адам жоғалғандар санатында. Табиғи апаттан ел астанасы Тирана және Дуррес қалалары аса зардап шекті.

Сейсмологтардың хабарлауынша, зілзала жергілікті уақытпен таңғы сағат 4-те басталған. Одан кейін 5 балдық бірнеше толқын жүріп өткен. 

Жер асты дүмпулерінің күшті болғаны соншалық, ғимараттардың қабырғалары опырылып құлап қалды. Қазір құтқарушылар үйінділерді аршып, жоғалғандарды іздестіріп жатыр. 

Сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан Албанияда жер жиі тербеліп тұрады. Дегенмен мұндай қуатты сілкініс елде соңғы он жылда бірінші рет болып отыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу