Қарағанды облысының тұрғындары дәрігерлік көмектің қымбат түрлеріне қол жеткізе бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының тұрғындары дәрігерлік көмектің қымбат түрлеріне қол жеткізе бастады

26.11.2019

Қарағанды облысының тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында дәрігерлік көмектің қымбат түрлеріне қол жеткізе бастады. Тек соңғы екі айдың ішінде өңірдің 6 мың тұрғыны жоғары технологиялы диагностикалық тексерістен өткен. Айта кетейік, жаңа жүйе әзірге тек Қарағанды облысында жүзеге асуда. Ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап еліміздің өзге де өңірлерінде қолға алынбақ. Емдеу мекемелерінің жұмысы 100 % сандық жүйеге көшкен. Мамандардың айтуынша, облыстың 1 миллионға жуық тұрғыны сақтандыру жарнасын төлеуден босатылған. Оларға тиісті қаржыны мемлекет аударып отырады. Ал тұрақты жұмысы бар тұрғындар табысының 1 %-ын қорға аударып отыруы тиіс. Өзін-өзі еңбекпен қамтып отырған кәсіпкерлер де бұған мүдделі болуы керек. Бүгінгі күні кенді аймақта ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 35 мың адам.

Хабарламаларға жазылу