БҚО-дағы ауылда айтыс мектебі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-дағы ауылда айтыс мектебі ашылды

26.11.2019

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында айтыс мектебі ашылды. Мәдени шара ақын, халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегері Бауыржан Халиолланың 40 жасына орайластырылды.

Ақынның туған жерінде айтыс өтіп, жазушы Бақтығұл Ойшыбаев атындағы жас тілшілер байқауы қорытындыланды. Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау, өзге де өңірден келген ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері ел-жұртпен кездесті. Мерейтойлық шаралар облыс орталығында «Таң менен бесін арасы» атты шығармашылық кешпен түйінделді.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу