Шенеуніктерге смартфон пайдалануға рұқсат беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шенеуніктерге смартфон пайдалануға рұқсат беріледі

26.11.2019
Шенеуніктерге смартфон пайдалануға рұқсат беріледі

Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға рұқсат беріледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді. 

«Мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттардың иелері полицейлермен бірге нұсқаулыққа қол қоюы керек. Содан кейін ғана мемлекеттік қызметкерлер ғимаратта смартфондарды қолдана алады. Осы сәтте ақпараттық қауіпсіздік мәселесін назардан шығармау керек. Ал қаулы бүгін бекітілді. Ғимарат иелері мен полиция таяуда нұсқаулыққа қол қояды», - деді министр Үкімет отырысынан кейін. 


Хабарламаларға жазылу