Еліміздегі меморгандарда «цифрлық» вице-министрлер тағайындалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі меморгандарда «цифрлық» вице-министрлер тағайындалады

26.11.2019
Еліміздегі меморгандарда «цифрлық» вице-министрлер тағайындалады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика және Ішкі істер министрліктеріне «цифрлық» вице-министрді тағайындау жоспарланып отыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалив Үкімет отырысында айтты. 

«Заманға сай технологияларды тиімді түрде енгізу мақсатында 2018 жылы Елбасының келісімімен 5 министрлікте «цифрлық» вице-министрлер тағайындалған еді. Олар: Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері мен салық-кедендік қызмет органы. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда цифрландыру кеңселері құрылды», - деді ол. 

Министрдің айтуынша, аталған шаралар бюджет түсімін арттырып, шығыстарды қысқарту тұрғысында 2018 жылы 218 млрд теңге, 2019 жылы 9 ай ішінде 305 млрд теңге қосымша табыс әкелген. 

«Президенттің тапсырмасына сәйкес қосымша Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика және Ішкі істер министрліктеріне 3 «цифрлық» вице-министрді тағайындау жоспарлануда», - деді Асқар Жұмағалиев.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу