Елбасы сайлауалды бағдарлама әзірлеуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы сайлауалды бағдарлама әзірлеуді тапсырды

25.11.2019

Қазынадан бөлінетін қаржы діттеген жеріне жетпей қалады. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалдарының қатысуымен өткен кеңесте атқарушы билік органдарының олқылықтарын айтты. Халықтың өтініш-тілегіне құлақ аспаған филиал жетекшілерінің әрекетін сынға алды.

Жиында ішкі партиялық іріктеуді ашық жүргізудің маңыздылығына тоқталған Елбасы мәслихаттағы сайлауалды партиялық тізімде әйелдер кемінде 30 пайыз, ал 35 жасқа дейінгі жастар 20 пайыз болуы керектігін айтты. Сондай-ақ, тізімге түрлі топ өкілдері, отанына оралған қандастар, ерекше тағдыр иелері, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері енуі керектігін тапсырды. Сонымен қатар әр аудан, әр қала, әр облыс бойынша сайлауалды бағдарламаларды дайындау қажет. Әсима Нұрбайқызы тарқатады.

Хабарламаларға жазылу