Түркістан облысындағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалай?

25.11.2019

Кешегі Түркістан облысындағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы қатаң бақылауда. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына бас-аяғы 11 адам жеткізілген. Аяқ-қолы сынған 3 адам травматология бөліміне жатқызылған. Көкбауыры езілген бір азаматқа операция жасалған. Жағдайы ауыр 8 адам жансақтау бөлімінде. Оларға санавиациямен нейрохирург, торокалды хирургтер дереу көмекке келіп, тиісті ем-дом жасаған. Соның арқасында бүгін екі науқастың жағдайы жақсарып, травматология бөліміне ауыстырылды.

Хабарламаларға жазылу