Президент академик Серікбек Дәукейді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент академик Серікбек Дәукейді қабылдады

25.11.2019

Геология саласын ілгерілетудің маңызы зор. Бүгін Ақордада Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукейді қабылдаған Мемлекет басшысы осылай деді. Кездесуде салалық министрлік құрылғаннан бергі атқарылған жұмыстар, жер қойнауын зерттеу үшін қабылданған мемлекеттік және заңнамалық қолдау тетіктері сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жер қойнауын пайдалану кодексіне өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныс айтылды. Бұл геологиялық зерттеу жүргізу және жер қойнауын тиімді пайдалануда мемлекеттің рөлін күшейтпек. Президент жаңа кен орындарын ашуда заманауи, ғылыми әдістерді пайдаланудың және минералды-шикізат базасының қорын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу