Алматыда қысқы дөңгелексіз жүрген көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады. Себебі екі күннен бері ауа райының қолайсыздығына байланысты ірі мегаполистің жолдары көктайғаққа айналды. Ал әлі күнге дейін жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырмағандардың кесірінен жол-көлік оқиғалары жиіледі. Ал заң бұзғандар 1 желтоқсаннан бастап жауапкершілікке тартылады.
Нұрхан Нұрланұлы