Бішкекте жүздеген адам митингке шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкекте жүздеген адам митингке шықты

25.11.2019

Бішкекте жүздеген адам үкімет үйінің жанында шеру өткізіп жатыр. Олар бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысуымен 700 миллион доллар ұрланды деген мәліметтерге байланысты тергеу жүргізуді талап етті. 

Жергілікті және халықаралық ақпарат құралдары осы айда жариялаған баяндамаға қарағанда, сыбайлас топ бірнеше жыл бойы Қытай тауарларын қырғыз жеріне контрабандалық жолмен енгізіп, одан түскен пайданы шетелге шығарумен айналысқан. 

Бүгін алаңға 500-дей адам жиналды. Олардың айтуынша, осы іске қатысы бар басшылар отставкаға жіберіліп, тергелуі керек. Және де демонтранттар «Ақшамызды қайтарыңдар!», «Қырғызстан кедей емес, ол тоналып жатыр» деп ұрандатты. Билік бұл мәселенің тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу