Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы табиғатты қорғаушыларға жаңа көлік және заманауи құрал-жабдықтар табыс етілді. Жол талғамайтын техника БҰҰ-ның Даму бағдарламасы жүзеге асырып жатқан жоба аясында алынған. Басты мақсат - табиғат қорғаушылардың материалдық-техникалық базасын жақсарту арқылы өсімдік пен жануарлар әлемін қорғау шараларын күшейту.
Облыстағы 3 мемлекеттік табиғи қорық пен бір орман шаруашылығына көлікпен қатар, фототұзақтар және радио байланыс құралдары сыйға берілді.
Берік Көшербай