Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қарашада Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Сапар барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылайды және кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.
28 қарашада Мемлекет басшысы Бішкек қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.
Іс-шаралардың күн тәртібінде ұйым жұмысы аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты көптеген мәселелер қарастырылып, ҰҚШҰ-ның биыл атқарған жұмыстары бойынша басым бағыттардың жүзеге асырылуы қорытындыланады.