Арал мәселесі әлем назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал мәселесі әлем назарында

25.11.2019

Арал теңізінің құрғаған аумағының экожүйесі бірте-бірте оңалып келеді. Шөлейтті жердің фаунасын сақтап қалу үшін жыл сайын мыңдаған гектар сексеуіл көшеттері егілуде.  

Бұрынғы теңіздің табанын ұшқан тұз еліміздің ғана емес, ғаламдық экожүйеге кері әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Бұл бағытта Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы алыс-жақын шет елдердің ғалымдарымен тығыз байланыс орнатып, Аралды құтқару жобасына әлем мемлекеттері қолдау көрсетуде. Арал қаласында өткен халықаралық семинарда сор жерлерді қайта қалпына келтіру мәселелері тағы талқыланды. 

Жалпы, соңғы үш жылда шөлейтті аумаққа 10 мың гектар сексеуіл егіліп, табиғат жанданды.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу