Қазақстандық суретшілер Италияны тәнті етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық суретшілер Италияны тәнті етті

25.11.2019

Джузеппе Вердидің «Трубадур» операсы Италиядағы ірі мәдени орданың театр маусымын ашты. Ал оған отандық суретшілер Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов та үлес қосқан.

Мәселен, Павел ерлердің, Софья әйелдердің костюмін салыпты. Олар декорация эскизін, реквизиттерді, бутафория мен костюмдерді бейнелеп қана қоймай, әр кейіпкердің аксессуарларын да жіті ойластырған. Құрылғылардың қозғалуы, жарықтың алмасуы шетелдіктердің көңілінен шықты. Ал «Трубадур» операсы «Карло Феличе» театрында 1 желтоқсанға дейін қойылады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу