Көпшіліктің алғысына кенелген жанұя. Ақтөбелік Өмірбай Қалбайұлы 15 жылдан бері жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы техникасын жөндеумен айналысады. Ең қызығы – оның қызы да әке жолын қуып, кәнігі шеберге айналған.
Олардың көмегіне жүгінетіндер тіпті, көрші облыстардан да арнайы келеді. Үкіметке қол жаймай, маңдай терімен адал ақша тауып отырған отбасы туралы Жақсыбек Кемал баяндайды.