Ұлттық арна тікелей эфирде «Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна тікелей эфирде «Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчын көрсетеді

26.11.2019
Ұлттық арна тікелей эфирде «Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчын көрсетеді

28 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтетін Еуропа Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясындағы «Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынын «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Қос команданың Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы алғашқы кездесуі «Олд Траффордта» өтіп, 1:0 есебімен «қызыл сойқандардың» пайдасына шешілген еді.

Турнирлік кестеде «Манчестер Юнайтед» 10 ұпаймен топ бастап тұрса, елордалық клубтың еншісінде әзірге ұпай жоқ.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:50-де басталады. Кездесуді сонымен қатар qazaqstan.tv cайты мен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалауға болады.

Хабарламаларға жазылу