Америкалық миллиардер Майкл Блумберг президенттік сайлауға үміткер ретінде қатысатынын жариялады. Ол мұндай шешімді Трампты жеңіп, Американы қалпына келтіру мақсатында қабылдағанын айтқан. Демократиялық партия атынан дауысқа түсетін үміткер сайлауалды науқанын да бастап кетті.
77 жастағы Блумберг 2002-2013 жылдары Нью-Йорк қаласының мэрі болды. Сонымен қатар, ол - Bloomberg медиа-агенттігінің негізін қалаушы кәсіпкер. Әйгілі Forbes журналы оның байлығын 52,5 миллиард долларға бағалаған. Ауқатты бизнесмен Трампқа қарсы жарнамаға 100 миллион доллар жұмсап, оны биліктен тайдыруды көздеп отыр. Ал бұл теке тірестің нәтижесі келесі жылы қарашаның 3-інде өтетін сайлаудан кейін белгілі болмақ.
Жансая Қапасқызы