Бүгін Алматы маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Зілзала таңғы 8:19-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Райымбек ауданы Қарасаз ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпуінің энергетикалық класы - 8.5. MPV магнитудасы - 3.6. Тереңдігі - 20 шақырым.
Жер сілкінісі Алматыда сезілген жоқ. «Ақпаратты алғаннан кейін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, ТЖ, ЖКО, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарға хабарлады. Зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ», делінген ТЖД хабарламасында.