Ұлттық арна тілшісі бұғышының бір күндік өмірін көріп қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна тілшісі бұғышының бір күндік өмірін көріп қайтты

24.11.2019

Түркістаннан 40 шақырым жерде Сырдариямен түйісетін түбек бар. Тораңғы мен жиде қаптаған сол түбекті бұқар бұғылары мекендейді. Қалың тоғайды жайлаған жануарларға жалғыз адам бас-көз болып отыр. Мұсахан Жүзеев «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінде бұғы бағады. Қасына жан жуытпайтын жабайы, өте сақ, аса кербез жануар оның қолынан жем жейді, су ішеді. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз Гүлжазира Ғалиқызы бұғышымен барып кездесті. 

Хабарламаларға жазылу