Мектеп аумағындағы дәретханалар жойылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектеп аумағындағы дәретханалар жойылуы мүмкін

22.11.2019

Тараздағы зорлық ісінен кейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп сыртындағы әжетханаларды толығымен алып тастауды ұсынды. Оның сөзінше, елімізде далада дәретханасы бар 2352 мектеп бар. Оның 500-ден астамы Түркістан облысында, 264-і Жамбыл облысында, 415-і Алматы өңірінде орналасқан. 

Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов білім ордаларында бейнебақылау камералары орнатылғанымен, олардың көбі жұмыс істемейтінін айтты. Сол себепті министр тиісті органдарға қауіпсіздікті күшейту жөнінде тапсырмалар берді. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу