Шымкенттен Петропавлға. Оңтүстік облыс тұрғындары солтүстік аймаққа көшуде. Мәселен, биыл Түркістан өңірінен 200-ден астам отбасы келеді деп жоспарланған. Бұл үдерістің өзіндік себебі бар. Теріскейге табан тіреген ағайынға баспана беріліп, жұмыспен қамтылуда. Бүгін Петропавлға арнайы барған Үкімет өкілдері осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Толығырақ Ербол Мәндібек әңгімелейді.