Маңғыстаудағы Қаражанбас кен орнында жер асты суын тұщытатын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны – 23 млрд теңге. Келесі жылы іске қосылатын нысан мұнайды 750 мың тоннаға артық өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Маңғыстау мен Атырау өңірлеріндегі су тапшылығын азайтуға септігін тигізбек.
Нысанның құрылысы 2020 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған. Зауыт іске қосылғанда 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Аягөз Оралбайқызы