Түркістанда терроризмді насихаттаған ер адам ұсталды. 39 жастағы азамат отбасын ұрып-соғып, деструктивті діни ағымға кіруге мәжбүрлеген. Тіпті кереғар пікірлерін имамдарға ашық білдіріп отырған. Халық арасында бірнеше мәрте бүлік салған. Сондай-ақ оның Сирияға аттанбақ болып жүргені де анықталды
Күдікті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына жазда іліккен. Қазір ол кінәсін мойындады. Тергеу әлі де жалғасуда. Ал күдіктінің отбасымен теологтар жұмыс істеп жатыр.
otyrar.kz