Шри-Ланканың жаңадан сайланған президенті Готабая Раджапакса өзінің ағасын премьер-министр етіп тағайындады. 74 жастағы Махинда Раджапакса да 2005-2015 жылдар аралығында мемлекет басшысы болған. Жоғарғы саяси билікке ағайындылардың келуі – ел тарихындағы алғашқы оқиға.
Жаңа үкімет басшысы бүгін өз қызметіне кірісіп те кетті. Ол келесі жылы парламент сайлауы өткенге дейін бұл лауазымда қызмет атқармақ.
Ағалы-інілі басшылар Шри-Ланканың құлдырап кеткен экономикасын қалпына келтіріп, елде белең алған лаңкестікпен күресіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға уәде беріп отыр.
Жансая Қапасқызы