Сирия үкіметінің әскері көтерілісшілер бақылауындағы Идлиб провинциясының үш ауданына шабуыл жасады. Соңғы мәліметке қарағанда, 15 адам қаза тауып, бірнешеуі жараланды.
Президент Башар Асад армиясы жіберген ракеталар Ках деген қаладағы босқындар лагеріне тиген. Соның салдарынан уақытша шатырлар отқа оранды. Ал жергілікті адам құқығын қорғау белсенділерінің сөзінше, үкімет күштерінің артиллериясы атқан снарядтар бір перзентханаға да тиіп, оның қызметкерлері жараланған.
Арыстан Рысбек