Аягөздегі жарылысқа қатысты тың деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөздегі жарылысқа қатысты тың деректер

21.11.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз қаласында жер үйде газ баллоны жарылғандығын хабарлаған болатынбыз. Қазір оқыс оқиғадан зардап шеккен бір отбасының 5 мүшесі ауруханада жатыр. Жарылыс болған үйдің отағасы мен бір бала жансақтау бөлімінде. «Денесінің 40 пайыздан астамын күйік шалған ер адамның жағдайы ауыр», - дейді дәрігерлер. Оқиға болған жерден тілшіміз Ержан Жақып баяндайды.

Хабарламаларға жазылу