Жасы 60-қа таяған әжей 4 жылдан бері аяқ протезіне қол жеткізе алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасы 60-қа таяған әжей 4 жылдан бері аяқ протезіне қол жеткізе алмай жүр

21.11.2019

Халықтың мұң-мұқтажын жеткізгісі келіп жүрген тағы бір құрылым – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі. Содан да болар қабылдауға келгендердің қарасы қалың.

Министрмен бетпе-бет жүздесіп, мәселені тіке жеткізу мүмкіндігі күнде туа бермейді. 60-қа таяған Мағира Жекебаева да бүгінгі қабылдауға келді. 21 жасында аяғынан айырылған әжей қолайсыз протезін жаңарта алмай жүргеніне 4 жыл болған. Ол министрден көмек сұрады. Ал Біржан Нұрымбетов бұл мәселені бақылауына алатынын айтты.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу