Қостанайда «Ауыл» партиясының есеп беру жиыны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда «Ауыл» партиясының есеп беру жиыны өтті

21.11.2019

Қостанайда «Ауыл» партиясының есеп беру конференциясы өтті. Басқосуда саяси ұйымның 2016-2019 жылдардағы атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы жоспар нақтыланды. 

Бүгінде облыста аталмыш партияның 7 мыңға жуық мүшесі бар. Аймақтың барлық аудандары мен қалаларында 34 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді. Бүгінгі жиында сонымен қатар алдағы съезге аймақтан баратын делегаттар тізімі белгіленді. Жалпы, «Ауыл» партиясы елімізде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына өзіндік үлес қосып келеді.  

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу