Денсаулық сақтау министрлігі бір күнде 50 адамның мәселесін шешті. Әдетте министр түгілі, министрліктің ғимаратына кіру қиямет. Ал бүгін керісінше. Елдің бас дәрігерімен жүзбе-жүз кездесіп, күрмеулі проблемасын жеткізуге мүмкіндік мол. Мұны естігендер таңнан бері кезекке тұрды. Өйткені бөлменің ішінде барлық құрылымның басшылары отырды. Көбінің мәселесі кабинеттен шықпай жатып шешілді.
Әсима Нұрбайқызы